22.07.2021
  136


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Жылымық

Қыс. Астана…
Күн жылы,
Ашық –
Аспан түндiгi.
Жаймашуақ,
Жайдары,
Бiр күнiнен бiр күнi.

Қар – мұз болып қатқандай,
Мұз – жiбiдi тас-маңдай.
“Қарлы жаз”- деп мәз болдық,
Керемет сөз тапқандай.

“Бұл аз күнгi жылымық,
Жылымықтың сырын ұқ!..
Шыға келер ертең-ақ,
Күн қабағы құбылып.”-

Деп ескерттi үлкендер,
Бiрақ, көрмей кiм сенер?
Шалпылдатып су кешiп,
Кездi ұмыттық бүрсеңдер.

Астанада…
Ақпанда:
Ерiп кеттi ақ қар да.
Жылымыққа – жылынып,
Бөрiктi аттық аспанға…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу