22.07.2021
  158


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Президенттiк шырша

Шеткерi ауыл – алыс түп,
Туған жердiң бәрi ыстық!..
Президенттiк шыршада –
Талай доспен таныстық…

Жатсынбадық жатырқап,
Араластық жарқылдап.
Елбасымен бiр болған,
Ұмытылмас асыл сәт!..

Есiк ашып нұр күнге,
Келдi Жаңа жыл, мiне!..
Ғасырлардың тоғысы –
Тоғыстырды бiздi де…

Асулар көп алда асар,
“Тұлпар орнын тай басар!..” –
Сәлем,
Жаңа мыңжылдық!
Бiзбiз –
Сенi жайнатар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу