Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  148


Автор: Мәриям Хакімжанова

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып

Мен жүрмін Қаскелеңде картоп қазып,
Балаларға табам ба деп қысқы азық.
Жарылып екі қолым күс болып кетті,
Неден ғана қарғалдым, неден жазық?
Түнде жатам сыртында балағанның,
Көремін деп жұлдыздың қарағанын.
Қан түкіріп жүрсем де кажымаймын,
Аржанойдың кертіп жеп қара нанын.
Он күн істеп, төрт қапшық картоп алдым,
Көңілімді бір демдеп үйге бардым.
Балаларым қуанды пісіріп жеп,
Қиналғанына ризамын шыбын жанның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу