Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  177


Автор: Мәриям Хакімжанова

Депутат

Біз сайлаған депутат,
Өжет жанды, өрт қайрат.
Қызметкері халықтың,
Болжайтұғын алдын ойлап.
Біз сайлаған депутат,
Кетсе-дағы тау құлап.
Тартынбайды жолынан,
Отырмайды тұнжырап.
Біз сайлаған депутат,
Ар-намысын арқалап.
Әділдікпен іс етер,
Алды-артына тең қарап.
Халық үшін қияр жан,
Халық үшін қарулан!
Депутаттың құралы,
Советтік әділ заң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу