Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  140


Автор: Мәриям Хакімжанова

Өксумен өкініште өтті-ау өмір

Өксумен өкініште өтті-ау өмір,
Қайғымен қарауытып шіркін көңіл.
Кешегі лапылдаған ыстық жүрек
Суыды, суықтығы бейне темір.
Жас жетпей қырау басты самай шашты,
Улы ой өзегіме араласты.
Сүм өмір сылаң қагып сырт айналды,
Жаралап келеке етіп қыршын жасты.
Бұралған тал шыбықтай кайран күнім,
Балқытқан кара тасты отты үнім.
Сұлу сөз, тәтті тілді, ерке жанды,
Қыз болдым, жігіт таппас бойдың мінін...
Не керек, бәрі өтірік енді бүгін,
Мезгілсіз түсті үзіліп қызыл гүлім.
Жаутандап темір торда отыр сорлы,
Кайғының арқалатып маған жүгін...
"Жау" деген жала жауып қойды қамап,
Жазықсыз жараландым, сынды қанат.
Жас бала, кәрі шалдың көз жасынан,
Отырмын кан аралас ішіп шалап...
Жаны ашыр, мұны көрер жан бар ма екен,
Жарқырап алдан атар таң бар ма екен?
Ала аяқ Ежев сынды қан құмарлар,
Сорлатып сонша жаңды жалмар ма екен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу