Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  151


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Атқан таңым

Атқан таңым, шыққан
Күнім, туған - Ай,
Сендер барда
Мен болмаспын қу мандай.
Әппақ нұрым,
Соққан самал,
Кеңестік,
Мені әлдилеп
Алақанда баққандай.
Аспан,
Жерім,
Теңіз,
Тау мен,
Орманым-
Құшағында өмір сүру - Арманым.
Ұшқан құсқа,
Жүгірген аң,
Балыққа
Тиіскенім - жоқ, дей алмас,
Ар, жаным!
Ата көрген,
Әке - баққан-Ұлыңмын
Егін салып, шөбін ордық - қырыңның
Әже - сырын, Ана - жырын
Тыңдаған
Қайталанбас өмірдегі - бір үнмін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу