Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  98


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Бұлт төсіне, жауын симай себелеп

Бұлт төсіне, жауын симай себелеп.
Жер маңдайын шертіп тұр.
Қырдан аққан, қара толқын көбелеп
Терең арна,
Жар қабағын кертіп тұр.
Салқын леп,
Торғын дала төсінде,
Емін - еркін аунайды.
Ит үреді,
Кемпірқосақ көшіне
Баллар қолын бұлғайды.
Қара бұлттар,
Жауырыннан жыртылып,
Тапыр - тұпыр жөңкілді.
Тұра алмайтын
Көрсетпесе бір қылық
Жақын туыс секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу