Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  124


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Арман

Арман,
Үміт,
Күтумен
Айлар,
Жылдар өтеді.
Ашу,
Сүю,
Күлумен
Келер күнге - жетеді.
Адамға тән жақсылық,
Аяғыңның астында.
Арам ниет аңшалық
Жасайсың тек қасқырға.
Парақорда алаяқ,
Айла, тәсіл жетеді.
Ащы өмірде - қу таяқ
Кедейді ұрып кетеді.
Бәрі, бәрі күтеді
Келер күннен үмітін.
Қысқа ғұмыр өтеді
Емексітіп күні - түн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу