Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  115


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Көктем ұшып келеді құстарымен

Көктем ұшып келеді құстарымен,
Жарылды өзен мұзы ызғарымен.
Ғаламдық жұлқыныстар,
Бой көтерді
Құлпырған қызғалдақтың бастарымен.
Шуағын,
Алтын арна жайды жерге,
Шығарды қорадан - Ел, қойын өрге.
Көктің дәмі,
Қытықтап таңдайларын
Шал, Кемпір ішіп отыр,
Шайын бірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу