Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  115


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Қала көшесінде

Жол үстінде бұрышта,
Үйреншікті-қоныста.
Таң азаннан қол жайып
Шықты пенде жұмысқа...
Орамалдар, кепкілер,
Қайыр сұрап тентірер.
Тиын - тебен тастасаң
Ұлан - ғайыр бақ тілер.
Ақ домбыра, сырнайлар,
Әнді шырқар тойда айтар
Ғашық сырды ақтарған
Қор болдаң-ау, жыр-қайнар.
Қалт - құлт еткен ана бар,
Кемтар, сорлы бала бар.
Аяқ, көзі, қолы жоқ
Күн көріп жүр адамдар.
Сөйлеспейсің,тілдесіп,
Жер бассаң да бірлесіп.
Күреседі өлгенше-Ол
Қайыр сұрап, күн кешіп.
Ашып, шолақ аяғын,
Жалынады баяғы үн.
Алақанын ашқанға
Қос қолымды жаямын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу