Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  132


Автор: Бақыткерей Ысқақ

Алтын адам

Бар киімі, қаруы, алтындалған ыдысы,
Тауып алды сүйекті, жер қазғанда бір кісі.
Пақыр емес әрине, Патша ма, әлде кім білсін
Заманында билеген, ұлылырдың ұлысы.
Тарихты құпия, басып тұрып табанға,
Көз сүземіз, жоқ іздеп, ит арқасы қиянға.
Алтын киім сүлде тұр, жұмбақ ғасыр-адамы
Антрополог- жазушы, кірді ғажап қиялға.
Ханзада ма,
Патша ма,
Батыр ма елін қорғаған,
Кім болса да өмірде, алтын тәжге алданған.
Алтын киім-бағасын, білдіріп тұр өмірін,
Білдіріп тұр ортасын, ғасыр өтсін-мындаған.
Қазған шақта мәйітті, ұрлапты алтын дорбасын...
Аман алтын киімі, Сақтың көрдік таңбасын.
Жерленген-Ол, дәстүрмен, тірліктегі сәнімен,
Алтын буы сақтаған, сары сүйек қаңқасын!
Сары сүйек алтыннан, артық еді білгенге,
Сұрқай заман кәрі ме, үндемеді бір пенде
Даңқ керек Тіріге, Өлгендерге маза жоқ,
Шашып жүрміз сүйегін, қазып алып бүгін де...
...Рухы мен киесі, атар бір күн-түбінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу