Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  121


Автор: Бернияз Күлеев

Ажал (А.С.Пушкиннен)

Ыңды - зыңды көшені бойлап жүрсем де,
Көп халқы бар құлшылық үйге кірсем де.
Отырсам да өңшең жастың ішінде,
Өзім көнген ұзақ қиял тек менде.
Өзіме - өзім айтам жылдар өтеді деп,
Көрінген мен көргендерім өте көп.
Бәрімізде де мәңгі көрге кірмекпіз,
Кей біреудің сағаты жетеді деп.
Жалғыз тұрған қарт еменге қарасам,
Деп ойлаймын «ен орманға өзің хан»,
Менің - дағы өміріме жетер бұл,
Қалғандай-ақ аталар мен бабадан.
Жас баланы көрсем, «сүйем, - деп, - інім»,
Риза бол, «деймін» сенің дер күнің.
Жол сенікі, өз еркіммен орнымды ал,
Менің солар, сенің гүлдер мезгілің.
Әрбір жыл мен бастан кешкен әрбір күн,
Өткізуді осы ойменен көндіктім.
Осылардың ыждығаттап ішінен
Келешекте ажал жылын көрмекпін.
Қашан маған ажал келет, һәм қайда?
Толқында ма, соғыста ма, сайранда?
Я болмаса жақындағы жазықтық,
Суынған көр топырағымды жайлар ма?
Өлгеннен соң енді қиын тірілу
Қайда болса жансыз тәнге бір шіру.
Сонда - дағы туып - өскен жерімде,
Тілейтінім жақын жатып көз ілу.
Көр топырақпен көміп жерге қойған соң,
Тар жолында жас өмірім ойнасын.
Жер жаһанның ағаш, шөбі, гүлдері,
Мәңгі бақи көркіменен гүлдесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу