Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  132


Автор: Анар Шамшадинова

Мен ақын боп сөйлеп тұрып мінбеден

Асқан жүйрік жылдарыңа не істерсің?
Аянышты әлсіреген үнменен:
«Жастығымды, мастығымды кеш» дерсің.
Мен ақын боп, сөйлеп тұрсам мінбеден.
Жақындарсың, қызық қашып жүзіңнен,
Жалыныңды жылан жұтып қойғандай.
Табысқандай бар ғұмырлық күзіңмен,
Құштарлық жоқ тіршілікке тойғандай.
Мен тұрармын жарқын-жарқын жыр оқып,
Өлеңдерім қыран құстай шарықтап.
Тәңір сөйтіп талабымнан сыр оқып,
Сығырайған жыртық-жамау жарық қап.
Өткеніңнен құтылардай тығылып,
Амал қанша, саған сорлар сыбырлар.
Тәкәппар кез табаныма жығылып,
Шарап сүйген еріндерің қыбырлар.
Шын жыларсың, Алласыздық – зымиян.
Сосын күліп, ойнағандай жынменен.
Саған емес, мен басқаға жымиям,
Ақын болып, сөйлеп тұрып мінбеден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу