Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  114


Автор: Анар Шамшадинова

Каспийге мұң

Кәрі Каспий өзіне қаратады,
Ішке бүгіп сіз жөнді айтар жайды.
Толқындарды үздіксіз жаратады,
Бірақ маған ол сізді қайтармайды.
Жаным, менің жазықсыз ауырады,
Жапа-жалғыз аралда қалғандай боп,
Дүниенің дүрмегі табылады
Бала толқын, қарт теңіз, армандай көк.
Үнсіз ғана мен жүрем, әлем шулап,
Ән салады орынсыз шағалалар.
Кеудемдегі тіршілік әрең тулап,
Кінәм да жоқ біреуге таға қалар.
Шағаланың тербетіп тылсым әні,
Көкке қарап дәметіп шапағаттан.
Ай сәулесі әл бермес, құрсын бәрі.
Өлсем осы өлейін махаббаттан.
Меңіреудей селт етпей, шындаса ой,
Бірде жылап, бір сөйлеп тас бейнемен.
Менің жазған жырымды тыңдаса ғой,
Жетісудың жігіті Каспийменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу