Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  185


Автор: Анар Шамшадинова

Күз және мен

Тентек едім, тыныштыққа бағындым.
Жеңбек едім, енді мұңға жағындым.
Қыркүйектің қылымсыған кештері
Тым Бекетшіл Бейнеуімді сағындым.
Адам едім, сезімдерге ерідім.
Адал едім, енді одан да жерідім.
Жыр жазар ем жағасында Каспийдің
Тұйық жаңбыр әзір менің серігім.
Арманы едім бір жігіттің сабырсыз,
Жалғап еді ол үмітін тамырсыз.
Алматыға күз келді де көшеде
Жапырақтар өліп жатты қабірсіз.
Ауылымның өшпесе екен шамдары,
Қауымының қараймасын қандары.
Күз сияқты мен жүремін көңілсіз
Алматының зорға оятып таңдары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу