Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  165


Автор: Анар Шамшадинова

Маңғыстауым









Туған жерім шақырып қоңырлардан
Талпынамын жандай бір бағы ашылған.
Онда әлемдік мейірім шоғырланған,
Онда менің сүйікті анашым бар.
Түгі де жоқ қызығар жалпақ дала,
Әр жерде бір бәйшешек қылтияды.
Сағыныштар жүрекке салмақ қана,
Шын махаббат тереңде бұлқынады.
Құмды дала жайын жұрт біле ме екен?
Соқса асау жел таңданба бұл тосынға.
Еркелікке келтелік жүре ме екен,
Шын ұнатқан бір бала ол да осында.
Батасы бар мұнда өсіп, үйленгеннің,
Таң шапаққа сәріде шығып қара.
Мен сүюді даламда үйренгенмін,
Ал жылатып жүрген ол — бұзық қала.
Кей адамның дұшпанын білгенімен,
Дала жұртқа жаяды шапағатын.
Мені Алматы ғашық қып жүргенімен,
Маңғыстауым — өзіңсің махаббатым!











Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу