Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  127


Автор: Анар Шамшадинова

Өкпелімін

Табиғатта тыныштық сезілмейді,
Күн шуағын көбірек төккенімен.
Жеңілтектеу қала көз тез ілмейді.
Оралмайсың сен неге? Өкпелімін.
Қозғалмайды аспанның ауыр басы,
Бұлттар ғана теңселіп ары-бері.
Ағаштарға самал жел бауыр басып,
Алатаудың қақсайды кәрі белі.
Қамыс құрақ қырларда қылымсиды,
Сұр сағымның сезімі тысыр етті.
Талақ етіп ғасырлық жырым сыйды,
Жер-Ана тұр жөн көріп қасіретті.
Балықтары азайып теңіздердің,
Аққу әнін салмайды айдынында.
Бірі ұқсамай біріне егіздердің,
Қуанышы ананың сайды мұңға.
Періште мен пенделер ерегесіп,
Тағдырды да талқылап сөккені мың.
Уақыттың ортасын кере кесіп,
Оралмайсың, сен неге? Өкпелімін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу