Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  116


Автор: Анар Шамшадинова

Бақыт

Көзімді шаттықпен жуғанмын,
Ақынды миллион ой жегенмен.
Бекеттің жерінде туғанмын,
Дәм татып мейірім дегеннен.
Әйелмін. Тағдырдан бұл жазам.
Бағына өзгенің жадырар.
Абайдың тілінде жыр жазам,
О, тәңір, басқа арман адыра!
Еркемін, өктем де шығармын,
Ашуды кейде тез сұлатып,
Шәмшінің әніне жыладым,
Бір қазақ жігітін ұнатып.
Нәзікпін, Тұрандот емеспін,
Жарым бар, тірлікте екеумін.
Өмірдің мұңдарын жемес кім,
Бәрібір бақытты екенмін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу