Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  102


Автор: Анар Шамшадинова

Дүниенің дым болмай думандары









Дүниенің дым болмай думандары,
Дарбазадай қалаға сыя алмаймын.
Қабағымды ұғынғыш туғандары,
Ашық-шашық, ауылды қиялдаймын.
Қымбат ауып әкем мен бабам жүрген,
Басқан ізі ақылға ақыл қосар.
Мейірімді даламнан табам бірден,
Жаман қайғы тозақпен бақұлдасар.
Төбелері төстерін айқара ашып,
Сырыңды ашсаң, сертіне қамыс берік.
Жолай алмай өтірік сайқал қашып,
Сексеуілдер сынбайтын намыс беріп.
Жырлар туып, бір ойға батады маң,
Шабыт құмды құйындай құтырады.
Түнді қуып, күн сүйіп атады таң,
Күдіктерді келмеске зытырады.
Таңнан бастап, тіршілік тыным көрмей,
Сосын кеші жымияр маған қарай.
Мен жүремін ешкімге жыным келмей,
Ойым таза, денім сау, санамда арай.











Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу