Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  120


Автор: Анар Шамшадинова

Тағдыр бізге бір болуды жазбаған

Тағдыр бізге бір болуды жазбаған,
Кезіктіріп бақ бергенмен аздаған...
Қақымыз жоқ бір өткізіп түндерді
Мәпелеуге бір үмітті маздаған.
Қақымыз жоқ құштарлыққа қылықты,
Өмір мәні – махаббатқа ұлықты.
Жақындасақ бірімізге-біріміз
Тірлік бізді айырады құрықты.
Не кінәміз бар, қай жерде алғыздық?
Арымызға қашан күнә салғыздық?
Мені сүйіп күн кешесің өзгемен,
Сені сүйіп тіршілігім жалғыздық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу