Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  120


Автор: Анар Шамшадинова

Жалғыз бөлме

Жалғыз бөлме.
Қараша.
Қап-қара әлем.
Қайырымы Алланың өртенді ме?
«Кеп қалар» – деп есікті жаппаған ем,
Терезені қымтарсың,
Көрпемді де.
Қап-қараңғы көше ұзын тірлігімдей,
Таусылғандай сұр ауа, демім бітіп.
Шабытым да менсінбей жүр бүгінде,
Өлең түгіл су ішпей сені күтіп.
Адам келсе, шәуілдер күшік те жоқ,
Сағат тоқтап, үзілген байланыстар.
Көзім жұмық, қабынып жүрек те көп,
Күн батады, кеш оны қалай ұстар?
Сынық үстел,
Тас төсек – бар тұрағым.
Сен секілді көктем де кешікті, қап?!
Бөлме тоңып,
Мен-дағы қалтырадым.
Есікті жап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу