Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  115


Автор: Анар Шамшадинова

Сен жайлы өлең басылды газеттерде

Сен жайлы өлең басылды газеттерде,
Күніне сан жаттадым есіміңді.
Саған ұшып жетер ем қажет жерде
Көрінсеңші, болсаңшы кешірімді.
Оралар ма, баяғы өмір қайтып?
Күн туар ма сол күндер кері айналар?!
Әлем менің мұңыма көңіл айтып,
Жыр оқыды сен жайлы телеарналар.
Сағынышым жаһанға жария боп,
Қайғым мынау.
Қаланың кеші күлді
Жұртым сүртіп жасымды қария көк
«Бекем» деді «күткейсің несібеңді».
Терезеге телмірдім төзім қалмай,
Кеп қалар деп бекітпей есігімді.
Тағдыр тауып, көзіңде сезім лаулай,
Оралсаңшы, болсаңшы кешірімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу