Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  218


Автор: Анар Шамшадинова

Сен келерсің бір күні

Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып,
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып.
Таң таранып атқанда,
Бәлкім түсте, кешқұрым.
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш, күнім.
Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан қашан белгісіз
Сен келерсің бір күні.
Сенсіз жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда
Сәуле қалмай барады.
Мұңым мынау сенгісіз,
Тіршілігім күлкілі.
Қайдан, қашан белгісіз
Сен келерсің бір күні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу