Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  135


Автор: Анар Шамшадинова

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды,
Кешірдім менсіз жатқан түніңді де.
Несіне айта берем жанда мұңды?
Сен – мендік, мен – сендікпін бүгінгіде.
Кешірем, сенсіз келген көктемдерді,
Бір хабар жеткізбеген өктем желді.
Мұңсыз күн сені-дағы кешіремін
Асқақ Ай аласарып өпкен жерді.
Тірлігім сенсіз рас қиындады,
Алайда Алла жазған сыйым бар-ды.
Кеудеге күтулерден дерт толғанда,
Кешірдім сен тойлаған жиындарды.
Ақындық о бастағы жүгім міне,
Тағдырым қалдырмасын түгімді де.
Кешірем тек сен үшін барлығын да –
Ертеңді, кешегіні, бүгінді де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу