Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  144


Автор: Анар Шамшадинова

Поэзия тәңірің бас иетін

Поэзия тәңірің бас иетін,
Шабыт шалқар тым ерте қиылыпты.
Қу жалғанға сыймаған қасиеттім,
Бір бұрышы Кеңсайдың бұйырыпты.
Кешір, Мұқа,
Кеш келдім қабіріңе,
Тіршіліктің мен дағы бір құлымын.
Баяғы өмір жетпеген қадіріңе,
Шындығым жоқ,
Мұңдымын,
Жыр қылығым.
Басың биік,
Жүзіңнен шашылып нұр,
Жанарыңның жарқылы мұқалмаған.
Қайта қара қайғысын жасырып тұр,
Үлбіреген үміті жұқармаған.
Пенде ғұмыр бағынбай әміріне,
Жырға арнадың тірлікті
Жерініп пе ең?
Кешір, Мұқа, кеш келдім қабіріңе,
Сенсіз қараң дүние егіліп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу