Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  90


Автор: Анар Шамшадинова

Жанымды тепкілесең де

Жанымды тепкілесең де,
Бал шағың кетті десең де,
Азапты күнде жесем де
Зәріңді төкпе демеймін,
Мен саған өкпелемеймін
Өмір.
Арманды аялап жүрген,
Жалғанды саялап күлген,
Бір күнде оққа ұшырдың,
Өзімді жоқ па жер құшырғың?
Кейде рас, жеңілем ойдан
Бірақ та егіле қойман.
Бақытты көз ілгенімде
Уақытты сезінбедім бе,
Әлде сен өзім дедім бе?
Қайғыны елей қоймадым,
Жайлы күн жебей ойдағым.
Бір әнім гүл атып кеудемде,
Жұбанып үмітке бір демде
Бәрі енді жаңаша дедім.
Сен неткен тамаша едің?
Арымды жараласаң да,
Барымды қараласаң да,
Төмендеу бағаласаң да
Қуаныш тек көрем алдан,
Мен сені жек көре алман
Өмір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу