Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  149


Автор: Анар Шамшадинова

Тамызда қайтып оралшы

Сен
Өмірге келгеніңде гүл ең,
Сам құмы, тамызда қапырық.
Сосын өлгеніңді білем,
Тағы да тамызда шарқ ұрып.
Толқындар қап-қара шашыңда,
Бетінді жауып санаңмен.
Көз жұмдың он алты жасыңда,
Үмітті жылатып анаңмен.
Арманың аяқсыз қалды,
Болашақ, бал өмір жайлы.
Тағдыр қай аяпты жанды?
Болса да бар өңір қайғы.
Жалғанның бақыты аңыз ба?
Өлеңім тек мұңды сөз қылған.
Жан апа, оралшы тамызда
Сен туған, сосын көз жұмған...
***
Бақыттың дәмін татпадың,
Қабірдің төрін аттадың
Сен.
Арманың жайына қалды,
Ардағын қойнына алды
Жер.
Қалдым қайғымен шойындай,
Алдым – жастық мойылдай
Мен.
Жүректе назалы жыр жатты,
Көзімнің жасын құрғатты
Ел.
Шырайын қан қылып беттің,
Несіне қалдырып кеттің?
Сен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу