Өлеңдер ✍️

  21.07.2021
  169


Автор: Анар Шамшадинова

Тағы жалғызбын жағада

Тағы жалғызбын жағада,
Толқыннан алмай көзімді.
Келем деген ең бағана,
Тауыса көрме төзімді.
Мұңыма қанық теңізім,
Таусылма, көрме жаманат.
Жырларым жазған лебізім,
Сырларым саған аманат!
Бос арман ойда. Тағы үміт...
Мекенім сенсің маңызды.
Білсең айт, жүр ме сағынып?
Бір қазақ жайсаң, жаны ізгі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу