Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  127


Автор: Анар Шамшадинова

Жаныңдағы жарылысқа қарамас

Жаныңдағы жарылысқа қарамас,
Жайнаң қаққан жақсы қызбын сырт елге.
Өмір осы бағы, соры аралас
Анар ханум, маңайыңнан мұң терме.
Адассам да ақ жүректі әнімнен
Мен жалғанды сүйеді екем өлердей.
Күш-қуатқа жарымаған тәніммен,
Тырмысады жүрек түбі жеңердей.
Шұғыласы шомылдырар шаттық бар,
Бұл жаһаннан бақыт таппай өтем бе?
Алыс күнге асығумен аптықпай,
Күлкі көміп, қас керемін бөтенге.
Кінәсізбін, күнәһар түн басынба,
Күнә татпан таусылмаса күш-айла.
Мен өлгенде қабірімнің басында
Ақындар кеп, жасап жатсын мүшәйра.
Балапандай жырларыма мас бола,
Мазақ етер мәртебелі халық та.
Ерте, кеш пе, тәнді көмер тас мола,
Анар ханум, өміріңнен жалықпа...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу