Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  88


Автор: Хамит Ерғалиев

Ескі жылда соңғы күн

І
Әкел маған, жыл басы.
Ақ тоныңды киейін!
Жетісуым жылғасын
Аралайын, сүйейін!
Таужанды 6ip ақынмын,
Бұлт тонымды суласын.
Кекіл-жалы атымның
Ақ құйында шуласын.
Қарлы шынның қуысын,
Күнгейін де көремін.
Сонда малшы туысым,
Сол биікте өлеңім.

ІІ
Ecкi жылда соңғы күн
Көтерілді қызарып,
Шопан cөзi: —
Мен бүгін
Той жасаймын, қыз алып.
Иіскеп оның желкесін,
Тоқты кеттi ceкipiп.
Жігіт таудың еркесін
Қуғансыды зекіріп.
Арқар қойы қаптады
Сонау соны асқарға;
Самғап талшық таппады
Ала қанат аш қарға.
Бiз сұрастық хал-жайды
Бөлісіп жеп дәмді де,
Шопан жігіт мал жайлы
Қозғамады әңгіме.
Білетіні — бip cөзi:
— Жана жылда қыз алып...
Асқар тауда жыршы өзi,
Балқиды да қозғалып.

ІІІ
Қия жартас, содан да
Құламайды... Киік пе?..
Әлде бәpi адам ба
Көз ұшында биікте?
Ән төбеден құйылды;
Шопан әні жалқы емес.
Тауға тастап биылды,
Үйге қайтты альпинист.
...Ecкi жылдың cәулeci
Тау басына шырмалып,
Қой да қайтты сәулетті
Мекеніне шұбалып.
Бipгe кеттік ұйып бiз;
Жылжиды тау жылғасы...
Артымызда биік құз,
Алдымызда жыл басы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу