Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  103


Автор: Хамит Ерғалиев

Жаңа қала

Көктемнен бepi қыратта
Фундамент неше қазылды;
Таусылған сайын бip апта
Есептер қанша жазылды?..
Жұлдызды аспан түбi жоқ,
Жөтелген шалдай күркілдеп, —
Далада қанша движок
Түн бойы турды зіркілдеп.
Крандар созып мойынды
Цементке, қызыл кірпікшe,
Су тартқыш қанша тойынды
Тұмсығын тығып Ертіске?
Тілінді мұнда неше мың
Көктемнен бepi бөрене!
Бойлары түзік көшенің
Yйлepi биік, көр, әне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу