Өлеңдер ✍️

  20.07.2021
  436


Автор: Жібек Ысқақова

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Айт мейрамы мұсылмандар үшін бүгін,
Мадағымен үндейік Ұлық күнін.
Аллаға шүкір құрбан айттың таңы атты,
Кетіретін ренішті, көңіл кірін.

Ренжіскендер кешіріп, татуласар,
Құрбандық шалып, Аллаға дұға жасар.
Құтты болсын "Құрбан айт" баршаңызға,
Бауырмалдық ниетпен жақындасар.

Құрбандық шалған ниетттер қабыл болсын,
Садақалар, зікірлер берілетін.
Ынтымақ пен сыйластықтар арта берсін,
Тілімізде маржан сөзбен терілетін.

Көңіліңізде кикілжің болмасын тек,
Мына індет басыңызда болмасын деп.
Дұға етемін қазағым, бауырларым,
Бар жақсылық үйіңізде орнасын деп.

Аллаға сансыз шүкірлер, бізден мадақ,
Ата берсін амандықта таңдар ғажап.
Айттан айтқа жақсылықта жетейік тек,
Тәуелсіздік еліміз боп мәңгі азат!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу