Өлеңдер ✍️

  19.07.2021
  253


Автор: Хамит Ерғалиев

Сағыныш

Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.
Рас, сенің тұрмайтынын
Тықыршытпай көңілді,
Алдыма әкеп толғайтының
Үйдегі алыс өмipдi.
Көп әңгіме айтқызасың,
Көз тіктіріп жалынға,
Бүлкілдеткен ақ сорпасын
Котелоктың жанында.
Аптасына бip-aқ көрген
Тылына кеп қосынның,
Ұйқысын да бөлесің сен
Кeйбip уақыт досымның.
Түсімде неше алуан
Тамашаны көрсетіп,
Оянғанда тізіп арман,
Атыласың гүрс етіп.
Көңіл күйім — сағынышым,
Сөйтсе дағы қымбатсың,
Кейде үйдегі сәбиімсің,
Кейде өлген комбатсың.
Жортпас еді-ау жігіт мұндай,
Қанды қиын белді аса,
Отаны мен ошағындай
Сағынары болмаса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу