Өлеңдер ✍️

  19.07.2021
  259


Автор: Әріп Тәңірбергенов

Замандасқа

Ей, достым, қапыл жатпа, басты көтер,
Алданып ақымақтықты қума бекер.
Айуан емес, адам боп жаратылдық,
Көңіл көзі барларға бұл да жетер.
Қабірге ғаріп бастың кірмегі хақ,
Тіршілік, ажал жетсе, әлі-ақ өтер.
Көргенмен қанша қызық дүниені,
Қазанда қайтқан қаздай өмір өтер.
Тірлікте жан қиысқан жақындарың
Қабірге қап-қараңғы тастап кетер.
Өлген соң өлексесің көз жұмылып,
Тұл қалмақ, дүние сарай, тұрған пәтер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу