Өлеңдер ✍️

  19.07.2021
  111


Автор: Әсет Найманбайұлы

Өтепберген

Раушан атқан таңның жарығындай,
Өткір тіл Дағыстанның шарығындай.
Жауапқа қалап айтқан тілім тәтті,
Кәусардың ағып жатқан арығындай.

Алтын да алтын, мыс та алтын, қола да алтын,
Көңілмен толтырғанмен, бола ма алтын?
Жақсының бір мінезі осындайда,
Жүзіктей қолға салған оралатын.

Жау тонаса, жарымас жарғақтыға,
Ғазиз айтсам жарасар салмақтыға.
Бозбала, саған айтқан өсиетім:
Жолама сасық қолтық күн қақтыға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу