Өлеңдер ✍️

  19.07.2021
  270


Автор: Әсет Найманбайұлы

Майда қоңыр /3-нұсқа/

Жігітке қисық қылық мінменен тең,
Жараспас жас бойына сынменен тең.
Надан бар көңілі қара, қолы сараң,
Қараңғы жүрегі оның түнменен тең.

Жеткізсе көлеңкесін біреу көпке,
Бұлттан шыққан жайнап күнменен тең.
Жайдары, шамсыз туған кейбір жігіт
Терісі жуан елі пілменен тең.

Күлдіргіш, қалжыңға ұста кейбір жігіт
Көңілдің бақшасында гүлменен тең.
Жаралған жақсы атадан жаман бала
Некесіз қай-қайдағы сұмменен тең.

Болады ойсыз, мисыз кейбір надан,
Ол етер жігеріңді құмменен тең.
Біреудің пайдаланған ақыл, білім
Бір түсіп өткен күннің нұрымен тең.
Көзі ашық, көкірегі ояу жастар үшін,
Ескерткен насихатым сырменен тең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу