19.07.2021
  148


Автор: Оразақын Асқар

Әлемде жоқ бала

Ажар келіп ауладан
Мәз боп бізге қарады,
– Тура Арайдан аумаған
Көрдім, – деп, – бір баланы.
«Мұның қалай?» дегендей,
Арай кенет бұртиды.
Қалды да ана елеңдей
Деді: «Саған кім тиді?»

Қайталады анасы:
– Айт жазасын берем, – деп.
Таңдандырды баласы:
– Барлығы да сенен, – деп.
– Мен жазып ем саған не? –
Деп анасы ойланды...
– Сендей бала әлемде
Жоқ, – дейтінің қайда әлгі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу