19.07.2021
  270


Автор: Оразақын Асқар

Болам

Балаң болам,
Ұлым дейтін байтақ ел.
Адал болам,
Тапсырмаңды айта бер.

Қадам болам
Тек ілгері басатын.
Санаң болам
Сәулелі нұр шашатын.

Алаң болам
Жер шарының қамы үшін.
Адам болам
Жібермейтін намысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу