Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  266


Автор: Төретайұлы Қабылбек

Өмір – ұстаз

Біреуге шын сүймесөм сүйкенбедім,
Қу қуыршақты қалайша бикем дермін.
Тоятын табу ҮШІН жән-ағзаның,
Жемтігін қағып түсер күйкен бе едім?

Сым ішектей тартулы жүйкем менің,
Сол қалыпқа өзімді икемдедім.
Титтей торғай — жүрегім тыпыр қақты,
«Сылдыр су» боп шыққанда сүйкенгенім...

Жыршыл жүрек үйренген ән сап қана
Бөгде әуенге түспегей жаңсақтана.
Байлық, майлық, баршылық — бәрі өткінші,
Бас ұрмайды шын өнер мансапқа да,

Жайымен барады өтіп күйбең өмір,
Әуре-сарсаң салады күйгө не бір.
СҮЙСЕМ де, сүйкенсем де, сүрінсем де,
Өмір — ұстаз, өзіңнен үйренемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу