Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  134


Автор: Төретайұлы Қабылбек

«Махаббат ТУРАЛЫ неге жазбайсыз?» деген СҰРАҚҚА

Білсең еді...
Көкірегімдегі кей кезде КҮН сөнеді,
Адамдық арзандаған бұл заманда,
«Күйдім-жандым» дегенге кім сенеді?

Сенесің бе?..
Іс қылмаппын қалатын ел есінде.
Кім жамау бола алады атом тескен,
Қазақы жер-ананың денесіне?

Сенесің бе?
СҮЙЕМ елім жаңасын, көнесін де.
Талай заман тауқымет көрген жұрттың,
Жайнаса екен алтын КҮН төбесінде.

Жайнаса екен,
Басынан Бақ халқымның таймаса екен.
Мұхаң болып қаламын сайласа екен.
Махамбеттей намысын қайраса екен!

Нанамысың?
Сілті ішкендей өртеніп жанады ішім,
Ағындаған қас бейбақ балам ҮШІН,
Тозғындаған көн тулақ далам ҮШІН.

Байқаймысың,
Бармақ тістеп, басыңды шайқаймысың!
Шынымен зарлар ма екен жеңе алмастан,
Өтірік саясаттай сайқалды шын.

Білсең еді...
Сезімім ақ шәиідеа кіршең еді,
Үлбіреген нәзік гүл — менің көңлім,
Нұр менен су жетпесе гүл семеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу