18.07.2021
  462


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Соңғы аялдама (2 бөлім)

 Айғанымның бұл жағдайы анасын қатты алаңдататын еді. Қызының ел қатарлы достарымен қыдырып, ашық жарқын, көңілді жүрсе деп ойлайтын. Айғаным сол баяғы əдетінше сабағынан қайтпақ болып, автобусқа беттей беттей берді. Қолында 2 томдық кітап, арқасындағы сөмкесі зілмендей еді. Аяғын адымдап басқан сайын түсіндегідей құлазып бара жатқандай болды. Бір кезде омақасы алға сүріне түсіп, демі тарылып бара жатқанын сезді. Ішінен "О, Аллам! Тек бүгін емес"-деп булыға берді. Жаяу жүргіншілер тез байқап бетіне су шашып, жан жақтан жамырай түсті. "Байғұс қыз-ай, қу сүйегі қапты ғой, ата-анасы не қарап жүр"-деген дакыстар құлағына түрпідей тие бастады. Орталарында жастау жігіт:
-Жүріңіз, үйіңізге апарайын,-деп демеп машинасына отырғызды. Əрмен сөзін жалғап:
- Қай көшеде тұрасыз? Айғаным əлсіз дауыспен: -Соңғы аялдамада,-деп жауап қатты. Жігіт көңілді дауыспен: -Мен сізді үнемі байқаймын! Мына жақын арада тұрған колледжде оқисыз ау шамасы. Қашан көрсем асығып жүгіріп жүресіз... Айғаным сыртқа көз тастап: -Тыңшы екенсіз ғой онда,-деп қойып қалды. Абу өз сөзіне өкініп, үнсіз қалды.  Ертесіне анасы анализ тапсырып, қортындысын көргенде шошып кетті. Қызының гемоглобині 77, ендігі қан құю керек болатынын ойлап, мазасы қашқан еді. Дəрігерлер де ауруханаға жатқызуды қолға аламыз деген болатын.Дəрі-дəрмектер мен витаминдердің неше түрін алып, қызын емдеуді бастап кетті. Күнделікті асығып жүрген Айғаным жоқ. Оқу орнына таксимен барып кеп жүрген. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу