Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  392


Автор: Бағлан Ерғали

О, Салтанат

О, Салтанат, Салтанат,
Нұрыңмен жарық шартарап.
Басыңа келген бар мұңды,
Жотама салып арқалат.

Мінезің неткен нәзік тым?
Көп ойлап сені азыппын.
Сенделіп жүріп мына мен,
Сезімнің мәнін аз ұқтым.

Махаббат деген - тәтті мұң,
Жырлайтын сені сәт бүгін.
Өзіңді ойлап таң атып,
Сағынып қайта батты күн.

Қай жерге, Қалқам беттедің?
Шөлімді басшы кеп менің.
Жырақтап кеттің неге сен?
Мұңайып жүрсін деп пе едің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу