Өлеңдер ✍️

  18.07.2021
  245


Автор: Бағлан Ерғали

Өзге жанның бағы болып жүрсің сен

Ұнаттың ба сен де мені ес-түссіз?
Жанарыңнан моншақ жасың төгіліп.
Төлеген мен Жібек күйін кештік біз,
Сағыныштан жүрек сыздап егіліп.

Іздедің бе сен де мені күн-түнде?
Сан өткізіп ұйқы білмей түнді мың?
Ғажап сыр бар сенің әсем күлкіңде,
Өтіп жатыр тағы сенсіз түн бүгін.

Аңсадың ба кеткенімде тым жырақ?,
Бозартып ақ жүзіңді мұң лебі.
Күрсінгенде шыдай алмай түн жылап,
Еркелігің еске түсіп күндегі..

Ұрлаттың ба қара түнге ұйқыңды?
Жалын жұтып, жұмыр етің дүрсілдеп.
Толған айдай жүзің сенің сүйкімді,
Өзге жанның бағы болып жүрсің тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу