16.07.2021
  354


Жас түлек құрбы-құрдастарына айтатын тілек

Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбыларым, құрдастарым!


Сендерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

Бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік, бүгін міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Құрметті достар, сендердің ендігі өмірлеріңе тек қана сәттілік тілеймін! Аңсаған армандарыңа қол жеткізіп, әр саланың мықты мамандары болып, еліміздің көркеюіне үлестеріңді қоса беріңдер!

Қанаттарың талмасын, биіктерге шырқай беріңдер!

Өмірден өз орындарыңды адаспай тауып, бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армандарыңа сүрінбей жетіңдер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу