16.07.2021
  261


Анама


Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан анашым сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.



Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым, жүрегімнің түкпірінде әрдайым сақтап жүретін ыстық махаббатымды сізге сөзбен жеткізгім келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бізді аялап, осы күнге жеткізу үшін талай ұйқысыз да күлкісіз түндерді өткізгеніңізді білемін. Мұның қаншалық азап екенін, баланы тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін енді ғана біліп жатырмын. Сол себепті әр атқан таңымды сізге алғыс айтудан бастаудан жалықпаймын. Отбасын құрып, бөлек кетсем де, әрдайым ыстық ұяма асығып отырамын. Жабыққанда сағынышымыз, тарыққанда ақылшымыз бола білген асылымыз, әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын! Құдай сіз бен әкеме алдағы уақытта тек бақытты күндерді жазсын!



Ананың аяулы алақаны мен жылы жұрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу