16.07.2021
  745


Автор: Асаба (тамада)

Жалғас туралы

Бір күні перзентхананың алдында бір сексен жасқа келген шал отыр екен. Қасындағы жаңадан әке болған жас жігіттер ол кісіден сұрайтын көрінеді:
- Ата! Неге отырсыз? –деп.
Ақсақал: «Балам туған еді. Оны кемпіріммен перзентханадан шығарып алайын деп күтіп отырмын» -депті. Жастар ол кісіге:
- Ақсақал! Ондай тірлікті қоймайсыз ба? Жастар бар емес пе? Бір күні кішкентай балаңыздың боғына тайып жығылып өлесіз ғой-десе, перзентхананын екінші қабатындағы терезе ашылып әлгі шалдын кемпірі айқай салып:
- Әй,шал! Мынау баланын атын «Тоқтасын» қоямыз ба? –депті.
Сөйтсе шал кемпіріне:
- Жоқ! Оның атын «Жалғас», «Жалғас» қоямыз! –депті.

Жалғаса берініздер ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу