16.07.2021
  375


Автор: Асаба (тамада)

Паравоз бен орыс

80-ші жылдар. Мен Совет армиясында борышымды өткеріп жүрген кезім. Қасымда Одақтын түпкір-түпкірлерінен жиналған балдар. Міне мынау жерде екі түркімен жігіті сұбхаттасып отыр. Олар өз тілдерінде сөйлесіп жатыр. Әнгіме не туралы жүріп жатқанын қасымдағы Түркіменістанның қазағынан сұрадым (ол жерде қазақтар қөп болып тұрады және түркімен тілін жетік біледі екен). Ол маған былай деп аударды:
- Мынау бірінші жігіт былай айтады: «Армияға аттаңған кезде мен өмірімде бірінші рет поезді көрдім».
Тоғыз жолдын торабында Арыс теміржол қаласында өскен маған ол бір түрлі болып естілді.
- Ал екіншісі не әнгіме айтады? – деген сұрағыма ол:
- Екіншісі былай дейді: Сен оны айтасын: мен армияға аттанған кезде - орысты өмірімде бірінші рет көрдім.
Мен құладым.

Әнгіменін жалғасы: Ұлы Отан соғысына қатысқан бір қария соғыс туралы мүлде әнгіме қозғамайды екен. Бір күні кішкентай немересі қайта-қайта: «Ата! Қалай соғысқаныңыз туралы айтып берінізші, айтып берінізші»- деп қоймапты. Сонда атасы ойланып тұрып:
- Ия! Алғашқы кезде орыстармен немістерді ажырату қиын болды ғой! – деген екен қазекен ақсақал.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу