Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  97


Автор: Айтқали Нәріков‎

Халық ақыны

«Талай жерде шаққанмын,
Сөз асылын таққанмын.
Шығып едім соңынан,
Қашаған, Нұрым, Ақтанның».
Деп жырлады Сәттігүл,
Өлеңдері бапты кіл.
Ол жүрген жер сауық боп,
Жырмен балқып жатты қыр.
Қайтайын деп жер көріп,
Домбырасын өңгеріп.
Ауылдарды аралап,
Тасқын жырға берді ерік.
Сонау соғыс жылдары,
Халық мұңын мұңдады.
Ертелі-кеш жыр толғап,
Жұрт жігерін шыңдады..
Жырмен беріп батаны,
Кетті алысқа атағы.
Аңқылдаған абызым,
А ппақ қудай сақалы.
«Ұмытпас ел, - деп, - мені»,
Есте жырды төккені.
Жиырма жылдай болыпты-ау,
Ол өмірден өткелі.
Танимыз біз тұлғасын,
Аты қалды жырда асыл.
Жанғабылов Сәттігүл
Туғанына бір ғасыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу