Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  116


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ұнатам

Ізет қылып үлкенге тік тұрганды ұнатам.
Аз сөзбенен көп ойды ұқтырғанды ұнатам.
Сыр бүкпейтін досынан ашықтықты ұнатам,
Бәрінен де өмірге ғашықтықты ұнатам.
Жабырқасам жарым кеп құшақтауын ұнатам,
Албырт жастық арманын тұсатпауын ұнатам.
Болсадағы өлеңнің «азабы» мың ұнатам.
Бәрінен де арымның тазалығын ұнатам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу