Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  153


Автор: Айтқали Нәріков‎

Уақытты оздырып...

Өз күшіме сенер-сенбес боп жүріп,
Алыппын ғой уақытты оздырып.
Жырларым да ұсақталып барады,
Отбасы мен ошақ қасын сөз қылып.
Асқақ, асқақ арман қайда кешегі,
Ойлар қайда бір-бірінен көшелі?
Тұлпар көңілім, тұғыр болып қалдың ба,
Қу тірліктің келтірем деп есебін.
Бір сұрақтан, бір сұрағын тосты күн,
Бәрі есімде, ұмытқам жоқ ешбірін.
Дірілдеймін Уақыттың алдында,
Мұндай жайды өз басынан кешті кім?.
Батыр үшін құн сұрайтын ұландай,
Жалаң қылыш жазалаушым тұр алда.
Осы ой мені жегідей жеп жүр қазір,
Ертелі-кеш уысынан шығармай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу